«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Софиевка ауылының «Жарқын Ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
ГККП «Детский сад «Жарқын Ай» села Софиевка» при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі ата - аналарға көмек

13.10.2020

Балаға мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін:

1. Жүйенің негізгі парақшасына кіріп, «Мектеп жасына дейінгі балаларды БМҰ-ға кезекке қою» қызметін таңдау қажет.

2. Тізімнен ауданыңызды немесе қалаңызды таңдаңыз.

3. Ары қарай кілттерді сақтау орны тізімінен кілтті таңдап, ЭЦҚ (AUTH_RSA кілті) көмегімен жеке кабинетке кіріп, «Сертификатты таңдау» батырмасын басу қажет.

 4. Ары қарай ЭЦҚ кілтін (AUTH_RSA кілті) жүктеп, құпиясөзді енгізіп, «ОК» батырмасын басу қажет . Құпиясөзді енгізу

5. Құпиясөз дұрыс енгізілген жағдайда, ЭЦҚ иесінің деректері пайда болады. Осы қадамда «Кіру» батырмасын басу қажет . Жүйеге бірінші рет кірген кезде электрондық поштаны көрсету қажет

6. Берілген өтініштер журналын қарап шығу үшін негізгі парақшадағы «Өтініштер журналы» батырмасын басу қажет.

 7. Өтінішті ашу үшін өтініш жолағына басу қажет. Өтініш бойынша ақпаратты қарап шығу

8. Балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар тізімін қарап шығу үшін «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» батырмасын басу қажет.  «Балабақшаны таңдау» батырмасы келесі жағдайларда ғана көрсетіледі: − Баланың жасы 2 (толық) және одан үлкен; - егер Сіздің кезегіңіз келсе; − мектепке дейін ұйымдарда бос орындар болған жағдайда. Сіздің кезегіңіз келген жағдайда, Сіз көрсеткен электрондық пошта мен телефон нөміріне кезегіңіздің келгендігі туралы хабарлама келеді және өтініштің статусы "Хабарлама жіберілді" болып өзгертіледі (еркін таңдауға орындарды жариялау туралы хабарламалар жіберілмейді).

9. Ары қарай хабарлама түріндегі терезе пайда болады. Бос орындардың тізімін қарап шығу үшін «ОК» батырмасын басу қажет . Хабарлама терезесі ! Назар аударуды сұраймыз! Егер өтініш беруші балабақшаны таңдамаса және жолдаманы 3 жұмыс күні ішінде алмаса, мұндай орын топтың жылына сәйкес барлық кезектегі балаларға қол жетімді болады. Бұл ретте балабақшаны таңдамаған мұндай өтініш беруші кезекте қалады.

10. Ары қарай пайда болған тізімнен қажетті балабақшаны таңдау қажет. Балаларға арналған мемлекеттік балабақшалардағы бос орындардың тізімі ! Оқыту тіліне және таңдалынған мектепке дейінгі ұйымның орналасқан жеріне назар аударуды сұраймыз.

11. Мектепке дейінгі ұйымды таңдағаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасын басып, ЭЦҚ (RSA) сертификатын жүктеу қажет.

12. ЭЦҚ-ны жүктегеннен кейін кілттер қоймасына құпиясөзді енгізіп, «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басу қажет.

13. Таңдалынған кілттің деректері пайда болады. Соңғы қадамда «Қол қою» батырмасын басу қажет.

14. Ары қарай Өтініштер журналындағы «Жалпы құжаттар» қойындысынан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға қалыптастырылған жолдаманы қарап шығып жүктеуге болады.

Назар аударуды сұраймыз!

  Егер өтініш беруші жолдаманы алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде балабақшаға келмесе, жолдама автоматты түрде жойылатындығына, ал бала 10 (он) жұмыс күніне стоп-тізімге жіберілетіндігіне назар аударуды сұраймыз. Өтініш стоп-тізімде болған уақытта жолдаманы алу мүмкіндігі бұғатталады. (Бұғаттан шығарғаннан кейін өтініш беруші өтінішті мектепке дейінгі ұйымдарда бос орын болған жағдайда ғана ала алады). ! Егер өтініш беруші берілген жолдаманың әрекет ету мерзімін 2 рет өткізіп алса, бала автоматты түрде кезектен алынып тасталынады Өтініш берушіде жолдаманы күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартудың тағы бір мүмкіндігі бар (Толығырақ Жолдаманы ұзарту жөніндегі нұсқаулықта) ! Өтініш берушіде жолдаманы берген сәттен бастап бір тәулік ішінде өз бастамасы бойынша алынған жолдаманы жою мүмкіндігі бар. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін өтініш берушінің бастамасы бойынша жолдаманы жою мүмкін емес.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.10.2020 13:23
Құрылған күні: 13.10.2020 13:23

Текст