«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Софиевка ауылының «Жарқын Ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
ГККП «Детский сад «Жарқын Ай» села Софиевка» при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аяз - ата шеберханасы

25.01.2021

   Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл – баланың басты құқығы. Адам ұрпағымен мың жасайды – дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу.  Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Балалар – еліміздің бүгіні мен ертеңі. Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі. Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, шығармалық болады. Бұлақ көрсең көзін аш – дегендей, осындай баланың бойындағы шығармашылық қасиетін дамыту көбіне тәрбиешілердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Осы мақсатта  күн тәртібінде балабақшада 2020ж.15.12.- 2020ж.25.12 аралығында бейнелеуден  «Аяз ата-шабарханасы» тақырыбында топ аралық байқау өтті. Бұл байқауда тәрбиеленушілеріміз   ата-аналарымен бірігіп қыс мезгіліне арнап сурет салды, сонымен қатар табиғи материалдардан әдемі заттар жасап әкелді. Сондай-ақ бүлдіршіндеріміздің жеке өздері салған суреттер болды. Бұл байқауды бағалау екі бағытта жүргізілді, яғни тәрбиеленушілеріміздің  жеке өздері салған суреттер, сондай-ақ ата-аналармен бірігіп салған суреттер. Соның ішінде ересек «Дана» тобына ата-аналармен біріге салынған суретке ІІ- орын берілді. «Радуга» тобына тәрбиеленушілеріміздің жеке өздері  салынған суреттерге І-орын берілді. Мұндай байқаулар тәрбиленушілеріміздің өздеріне деген сенімділігін арттырып, ата-аналар мен балабақшаның ынтымақтастығын кеңейте түспек.

 

Просмотров: 260


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст