«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Софиевка ауылының «Жарқын Ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
ГККП «Детский сад «Жарқын Ай» села Софиевка» при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бейбіт күн жасасын әлемде…»

12.05.2021

«Бейбіт күн жасасын әлемде…» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде…»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

 Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні  бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

  Құрметті балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 76- жыл болса да, соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Жарқын Ай» балабақшасының  «Жұлдыз» ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

 Сөз кезегі «Жарқын Ай» балабақшасының меңгерушісі  Кульпейсова Гульмира  Балғабайқызына беріледі.

Жүргізуші:

 Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

«Жұлдыз»  ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің мерекеге арналған өлең-тақпақтарын қабыл  алыңыздар.

Діңмұхамед:

Барлық елдің бөбегі,

Бір-біріне туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын күміс таң.

Аруна Н:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік-байлық, ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса-жаса тыныштық.

Адия:

Егінді тың жеріміз,

Еркін қазақ еліміз.

Құрметтейміз достықты,

Досқа дайын төріміз.

Ақнұр:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

  Адиля:

Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк әпке ерлігі,

Ұмытылмас мәңгілік.

 Асия:

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Арманы мен, ақыл ой санасымыз.

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Аялаған орман,тау даласымыз.

 Өміржан:

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Ағы менен көзінің қарасымыз.

 Айшуак:

Біз еліктеп өсетін,

Батырларың десе кім?

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржан біздің атамыз.

Ән: «Батыр бала Болатбек»

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.

Би: Орыс биі  "Катюша"

Бибарыс:

Қазақтың қамы үшін,

Жүрегі ауырған.

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан

 Өр бабам-Бауыржан!

  Аяна:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілегіміз-бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

 Мағжан:

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Ертең-елдің қорғаны панасымыз.

Зарема:

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреуі –ақ

Ол -біздің Қазақстан  

Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

«Жұлдыз» ортаңғы тобының дайындаған тәрбие сағаты өз мәресіне жетіп қалды Сау саламат болыңыздар.

 

 

Просмотров: 324


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст