Мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама алу үшін,
Сізге:
1. Халыққа қызмет көрсету орталығы жеке тұлғаға ЭЦҚ алыңыз.
2. Google Chrome браузері арқылы akmola.kz. сайтына кіріңіз.
3. Сайттың басты бетінде «Баланы балабақша кезегіне қою» қызметін таңдау.
4. Тізмнен Целиноград ауданын таңдау.
5. Әрі қарай өзіңіздің жеке кабинетке ЭЦҚ (AUTH RSA кілті) арқылы кіресіз.
6.Жұмысты «Өтінімдер журналдан» бастайсыз.
7. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдағы бос орынды таңдау үшін «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» батырмасын басу керек.
«Мемлекеттік балабақша» батырмасынан кейін баланың қойылған жас ерекшелігіне назар аударыңыз!
8. Мемлекттік балабақшаны таңдағаннан кейін «Жазылу және жіберу» батырмасын басып, сертификатты ЭЦҚ (RSA кілті) арқылы аласыз.
9. «Жалпы құжаттар» батырмасында жолдаманы жүктеуге болады.
Назар аударыңыз!
Кезек келгенде сіздің электронды поштаға және телефон нөмеріне хабарлама жіберіледі.
Назар аударыңыз!
Егер өтініш беруші бес жұмыс күн ішінде жолдама бойынша балабақшаға келмесе, автоматты түрде тоқтатылу парағына жіберіледі.