Күні: 2021ж.30.06.
Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ »
Білім беру саласы:шығармашылық
Мақсаты :Балаларды ертегілер арқылы ертегі әлемімен таныстыру. «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін көрсету арқылы балалардың таным деңгейін кеңейту.
Дамытушылық: Әртүрлі ертегі кейіпкерлерін көрсету.
Әдіс-тәсіл: сұрақ –жауап, мәнерлеп оқу, жұмбақ шешу
Көрнекілік: слайд, сурет.
Шаттық шеңбері
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Жер Ана!
Армысың, Көк Аспан-ата!
Армысың, Жан досым!
Армысыздар қонақтар!
Осы кезде топқа Аладдин келеді. Қасында биші қыздарды еріп келеді.
Аладдин: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Аладдин боламын. Мен сонау шығыс елінен шығыс шахарынан келдім.
Жүргізуші: Олай болса балалар өнерлерімізді көрсетеміз ба?
Балалар : Иә, көрсетеміз.
Аладдин : Мен өзімнің сиқырлы кілем арқылы ұшып келдім, сиқырлы шамымды ала келдім. Егер маған өздерің білетін ертегілер әлеміне апарып саяхат жасатсаңдар мен сендердің тілектерінді орындаймын.Сонымен қатар сендерге шығыс елінің биін билеп береміз.
Шығыс биі
Аладдин : Балалар, келіп менің кілемшеме тұрындар ,көзді ашып жұмғанша ертегілер еліне ұшып барамыз!
(Бірнеше ертегі елісіне шолу жасау арқылы балалар кілемге тұрады)
Сахналық қойылым: «Жеті лақ»
Ғажайып сәт : Есіктен Джунглиден Маугли мен Аю қонаққа келеді. Маугли балалармен амандасып, өздерінің Шерхан арыстан қуып келе жатқаның айтады. Балалардан көмек сұрайды.
Жүргізуші: Аладдин, сенің көмегін қажет.
Аладдин: Жақсы балалар, мен таяғымды көтерем сонда сендер Шерхан торға түс деп айтасыңдар, менің таяғым жанғанда тілектерін орындалады.
Балалар: Шерхан торға түс!
Аладдин: Жақсы балалар Шерхан аңшылар құрған торға түсті, енді Мауглиге қауіп жоқ!
Маугли: Рақмет сендерге достар! Менде құр қол келмедім сендермен бірге ойын ойнаймын деп тұрмын. Мен достарымның атын айтам сендер қандай аң екенің айтасыңдар.
Шерхан - жолбарыс
Қасқырлардың үйір басшысы –Акела
Менің жан досым аю - Балу
Қобылан - Багира
Жылан - Каа
Табаки - Түлкі
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі ертегілер әлеміне саяхат атты мерекелік іс - шарамыз осымен аяқталды. Назар аударып тыңдағандарыңызға рақмет!