Текст
Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»
Асық ойнаған озар,
Доп ойнаған тозар.
Балалардың танымдылық және жан-жақты қызығушылық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу мақсатында наурыз айының бесінші жұлдызында «Жарқын Ай» балабақшасында «Ханталапай» қазақтың ұлттық ойыны өткізілді. Ұлт ойындары осылайша атадан - балаға, үлкеннен - кішіге мұра болып жалғасып отырған. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі мергендікке, түнгісі ептілікке баулиды. Ұлы ақын Абай атамыз да асық ойыны, яғни «Ханталапай» ойынын жақсы ойнаған. Ойынға екі топ қатысты. Ортаңғы «Солнышко» тобы мен ересек «Жұлдыз» тобы.
Қорытындылай келгенде, «Алғыр бала» номинациясында Серікжанұлы Дарын марапатталынды. «Мерген бала» номинациясына Жумабай Мадияр лайықты болды.