8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек.
Мақсаты:
-мерекелік көңіл-күйін құру
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Осы күні МКҚК «Жарқын Ай»балабақшасында тәрбиеленушілердің қатысуымен мерекелік ертеңгіліктер өтті. Мерекеге ортаңғы топ ересек топ балалары қатысты. Әсем безендірілген залда балалар ерекше көңіл күймен өздерінің өнерлерін паш етті. Тақпақтар айтылып би билеп өз қолдарымен аналарына сыйлық жасап тарту етті.
Асыл анам, нұр шашқандай келбетің
Сенсіз басып жүре аламба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің
Ана – бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың қадірі сонда, ол мейіріміне ақы сұрамайтын жалғыз жан, әрдайым бала дегенде елжіреп, соның ғана тілеуін күні-түні тілеп отыратын асыл адам.
Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.