2019 ж. 25 сәуірде Целиноград ауданың білім бөлімі жанындағы Софиевка ауылының «Жарқын Ай» МКҚК балабақшасында «Заманауи технология бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жолдары» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Л.Н.Касымова қатысты. Целиноград ауданының меңгерушілері, тәрбиешілері, педагогтары қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Жиының мақсаты инновациялық әдістерді қолдана отырып, балалардың тілін дамыту болып отыр. Семинарда II кіші «Радуга» орыс тобында «Путешествие с колобком по сказке» В.Г.Абрамушина, ал II кіші қазақ «Дана» тобында Г.К. Пакеева «Шұбар тауық» ашық сабақтар өткізді. «Жұлдыз» ересек тобының тәрбиешісі Д.А.Ибраева «Математика еліне саяхат», ортаңғы «Солнышко» тобының тәрбиешісі А.К. Альмаганбетова ағылшын пәні мұғаліммен кіріктірілген ашық сабақтар ұйымдастырды. А.Ж.Илюбаева музыкалық жетекші мен хореограф жетекшісі Т.А.Козина ортаңғы «Солнышко» тобымен «В стране Радости» қызықты ашық сабақ көрсетті. Сонымен қатар аймақтық семинарға Приречный ауылының «Бота» балабақшасының тәрбиешісі II кіші қазақ «Дана» тобында «Ормандағы қызықтар» атты ашық сабақ берді. Ересек «Жұлдыз» тобында «Гүл жамылған дала» сурет пәнінің мұғалімі Б.К.Испаева ашық сабақ өткізді. Семинардың соңында қоңақтар «Көктемгі көңіл күй» атты бүлдіршіндердің дайындаған концертін тамашалады. Түйіндеп айтқанда ,бұл семинардан қатысушылар көп тәжірибе, жақсы әсер алып қайтты.