Текст
2019ж. 30 мамырда «Жарқын Ай» балабақшасының «Жұлдыз» ересек тобында балабақшамен қоштасу «Әр бала бір жұлдыз» атты ертеңгілігі өткізілді. Балабақшамен қоштасу ертеңгілікке Білімпаз бен Жалқаубек қонаққа келіп, ата-аналармен ойын ойнап, балалардың көңілдерін көтерді. Азаматқызы Айтұмар өзіңін дайындаған өлеңін айтып, көрермендердің көңілінен шықты. «Дана»тобының бүлдіршіндері ересек топқа «Аспазшы» биін тарту етті. Балаларға дайындаған дипломдарын, ата - аналарға алғыс хаттарын тарту еттік. Естелікке суретке түсіп, ауаға шарларды ұшырдық. Бүлдіршіндерге ертеңгілік ұнап, ата – аналар өз ризашылығын білдірді.