«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Софиевка ауылының «Жарқын Ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
ГККП «Детский сад «Жарқын Ай» села Софиевка» при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Ашық есік күндері"

24.05.2022

  МКҚК «Жарқын Ай»балабақшасында»  мамырдың 16-20 күндері айтулы күнге айналды, себебі осы уақытта балабақша ата-аналар үшін өз есігін айқара ашып,  «Ашық есік күндерін» өткізді.

    Статистикалық мәліметке сүйенсек, ортаңғы топ  ата-аналарының қызығушылығы басым болды. Бұған ата-аналардың үміт еткен көзінің нұры болып табылатын балаларының жаңа ортаға бейімделіп, оқып, білім алуы себеп болды.

    Ашық есік күндерінің  ең басты артықшылығы ата- ананың баласымен бірге оған берілетін білімнің маңыздылығын, тиімділігін таразылап, баласының білімді қабылдау, пайымдау, орынды қолдана алу дағдысын байқай алуына себеп болады.

    Ашық есік күндерінің бағдарламасы пайдалылығымен ерекшеленді. Ата-ана оқу қызметіне қатысып қана  қоймай,  Тәрбиешілер тарапынан өткізілген шеберлік көрініс критериалды бағалау туралы мәлімет алса,  медицина қызметкерлерінің әзірлеген тренингісінен ата-ана мен бала арасындағы қарым–қатынас жайлы мол ақпарат жинақтады. Сонымен бірге ата-аналар балабақша асханасының мәзірімен таныстырылды. Шара соңында қатысушы ата-аналардан сауалнама алынып, «Ашық есік күндері» іс-шарасының жұмысы бағаланды.

    Балабақшаның ата-анасы Сметова С. өз кезегінде  балабақша жұмысына ризашылығын білдірді. Қатысушы ата-ана баласының осы балабақша қабырғасында сапалы тәрбие, білім алып, өмірге бейім  азамат болып өсуіне толыққанды жағдай жасалғанын атап өтті. Ұстаздардың оқу процесінде пайдаланатын әдістері баланың интеллектуалды потенциалын арттыруға, өз ойын еркін жеткізуге бағыттайтынына көз жеткізіп, балабақшаның барлық тәрбиеленушілеріне келешекте елінің мықты азаматы болып,еліміздің мәртебесін көгертетін зияткер ұрпақ болатынына сенім білдірді.

 

 

 

 

 

Просмотров: 3614


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст