Ақмола облысы білім
басқармасының
Целиноград ауданы бойынша
білім бөлімінің жанындағы
Софиевка ауылының
«Жарқын Ай»балабақшасы»МКҚК
меңгеруші .м.а.Балмагамбетова А.Р.
2023ж «05»маусымдағы
№06 бұйрығымен
Бекітілген
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Софиевка ауылының «Жарқын Ай» балабақшасы» МКҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс- қызметі туралы ережесі
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді айқындауға тиіс.
Комплаенс-бұл қызметкерлердің компанияда қабылданған тәртіпке, ережелерге және сұраныстарға сәйкес әрекет ету қабілеті. Нақтырақ айтсақ, комплаенс-бұл:
- заңдар;
- реттеуші органдардың нормативтік актілерін;
- ұйымның ішкі жарғысын;
- ұйымда бекітілген ережелерді бақылаудың тұтас жүйесі.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің мақсаттары мен міндеттері
Комплаенс-қызметінің негізгі функциясы-реттеуші. Мақсаты-белгілі бір нысандар мен ережелерді бұзу салдарынан ұйым үшін ықтимал қауіптер мен шығындардың алдын алу.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін комплаенс-қызмет мынадай міндеттерді орындауы тиіс:
- комплаенс-қызмет ұйымда ресми мәртебені пайдалануы тиіс;
-тәуекелдерді басқаратын және комплаенс-бақылаудың барлық бөлімін бақылайтын комплаенс-қызмет маманын анықтау керек;
- мұндай қызмет мамандарында комплаенс-бақылауды жүзеге асыруға қатысты жанжалдар мен қайшылықтардың болмауы үшін шаралар қабылдау қажет.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құру туралы бұйрық шығарылады, ол ұйымның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және барлық қызметкерлердің назарына жеткізіледі;
- комплаенс-қызметінің саны 3 адам санымен анықталады;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің ережесін әзірлеу;
- қызмет мамандары тікелей басшылыққа есеп бере алады.
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің құқықтары мен міндеттері
- ұйымның ішкі құжаттарымен регламенттелген, бекітілген рәсімдер шеңберінде құрылымдық бөлімшелерден ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратты сұрату және алу;
- өз құзыретіне жататын мәселелерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі есеп беретін ұйым басшысының немесе өзге тұлғаның (органның) қарауына шығаруға бастамашылық жасауға;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізуге бастамашылық жасау;
- өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған ұйым туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауға;;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне жүгінген адамдардың сыбайлас жемқорлықтың, корпоративтік әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша өзге ішкі саясаттар мен рәсімдерді бұзудың болжамды немесе нақты фактілері бойынша құпиялылығын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.
5. Толық ресурстық қамтамасыз ету
- Комплаенс-қызметті өз міндеттері мен функцияларын кедергісіз орындау үшін ресурстармен, оның ішінде техникалық ресурстармен толық көлемде қамтамасыз ету қажет.
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке азаматтар тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың бар немесе ықтимал мүмкіндігі туралы ақпаратты хабарлай алатын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізе алатын ақпарат арналарын (мысалы, сенім телефоны немесе "Қауырт желі") құру ұсынылады.
VІ. Қадағалау және тексеру органдарымен өзара іс-әрекет болуы Комплаенс - бақылаудың тиімділігін арттыру және тәуекелдерді тиімді басқару үшін мамандар тексеруші мекемелермен өзара іс-қимыл жасауы тиіс.
«Ақмола облысы білім басқармасының
Целиноград ауданы бойынша
білім бөлімінің жанындағы Софиевка ауылының
«Жарқын Ай» балабақшасы» МКҚК
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
комплаенс-қызмет ережесін бекіту туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Софиевка ауылының «Жарқын Ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
«Жарқын Ай» балабақшасы» МКҚК
меңгерушісі м.а: Балмагамбетова А.Р