Целиноград ауданының білім бөлімі жанындағы Софиевка ауылының «Жарқын Ай» балабақшасында тілдер күніне орай мерекелік іс- шара өткізілді. Қазақ тілі пән мұғалімі Панки Нұрсауле 2020ж. 30.09. өткізген «Тіл – ел байлығы» атты мерекелік іс-шараға барлық топтың балалары белсене қатысты. Тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп оқу барысында балалар жоғарғы нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ «Дана» ересек тобы, «Жұлдыз» ортаңғы топтары шет елден келген кейіпкер қонақтарға өз өнерлерін көрсетсе, ал «Радуга» ересек тобындағы балалар қазақтың үш биі Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би кейіпкер аталарымызға өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар қазақтың ұлттық салт –дәстүрін дәріптеу мақсатында ұлдар арқан тартып және қол күштерін сынаса, қыздар текемет құрастырды. Сондай-ақ тіл туралы тақпақ, мақал-мәтелдерін айтып жұмбақ шешіп, мерекеге барлық топ балалары жақсы қатысты. Мереке соныңда «Жарын Ай» балабақшасының меңгерушісі Г.Б.Кульпейсова ұжымды және балаларды мерекелерімен құттықтап балаларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Жалпылама айтар болсақ «Тіл – ел байлығы» атты мерекелік іс-шараға ұжым мен топ балалары белсене қатысып жоғары деңгейде өтті.