Текст
Целиноград ауданының білім бөлімі жанындағы Софиевка ауылының «Жарқын Ай » МКҚК балабақшасында 2020 жылы 14-15 қазанда «Табиғат – біздің ортақ үйіміз » атты эко-акциясы өтті. Барлық топ тәрбиеленушілері қатысып, күз мезгіліне арналған қолдан жасалған бұйымдарын әкелді. Балалар өздерінің ой-қиялдарын табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін жеткізе білді. Эко-акция жобасы Т.А. Козина жетекшілігімен ұйымдастырылды. Бұл жоба тәрбиеленушілерді қоршаған ортаны аялауға, таза сақтауға, табиғатқа қамқор болуға баулыды. «Табиғат–біздің үйіміз» атты эко-акциясына қатысқан ата-аналармен барлық топ тәрбиеленушілер мақтау қағаздарымен марапатталды.