Целиноград ауданының білім бөлімінің жанындағы Софиевка ауылы «ЖарқынАй»
МКҚК балабақшасы
Алтын күз ертеңгілігі
Тақырыбы: «Жомарт күз»
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, әріптестер! Бүгін «Жұлдыз» ортаңғы тобының балалары дайындаған «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
Балалардың орындауында
Ән « Жау жау жаңбыр»
Тәрбиеші: - Қараңдаршы, бүгін біздің бөлмеміз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік?
- Жапырақтар.
- Осы жапырақтардың түсі қандай?
- Сары. Қызыл.
(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Балалардың тақпағына тоқталайық
1.Айшуак:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
2.Аяна:
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық, барлық тағамға.
3.Ақнұр:
Күзде жайнап ашыла,
Күннің нұры көшкендей.
Алма ағаштың басына ,
Қызыл қарбыз өскендей.
4. Аруна:
Алақай, алақай,
Шатанып балақай.
Күз келді дән пісті,
Айтамыз алғысты.
5.Зарема
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
«Жұлдыз» ортаңғы тобының орындауында
Би "Жаңбыр"биін тамашалаңыздар.
Күз ханшайымы:Балалар күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: 3 ай бар
Тәрбиеші: Күз мезгілінің айларын қоңаққа келіпті карсы алайық !
Алдияр: (Қыркүйек)
Қоштастырып жазбенен жарқын жүзді
Мен, қыркүйек бастаймын алтын күзді
Шақырамын қырманға диқандарды
Шақырамын мектепке жалпы ұл қызды.
Алибек: (Қазан)
Сән кетіріп айнала,атыраптан
Тал-теректі айырып жапырықтан
Қара суық әкелер Казанмын мен.
Шыңғыс: (Қараша)
Бәрін тыйып жайлылық ,тамашаның,
Ызғар шашақан маңына Қарашамын.
Күзден гөрі жақынмын қарлы қысқа
Желтоқсаннан сәл ғана аласамын.
Тәрбиеші: Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар.
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар. Тәрбиеші: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз, суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында
Тәрбиеші: Балалардың орындауында
(Би аяқталғанда үнтаспадан желдің дыбысы естіліп жапырақтар ұшады)
Тәрбиеші: Желдетіп жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық
Қане, қане кім жылдам?!
Ойын «Кім жылдам?»
Тәрбиеші: Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ойланайық, толғанайық
Күз туралы әнге елтіп!
Күз ханшайымы:-Өте тамаша,балалар!Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Бұл ойын «Қай жеміс?» деп аталады.Көздеріңді жұмып,жемісті жеп,қай жеміс екенін айтасыңдар.(Бір ыдыста туралған әр түрлі жемістер)
Тәрбиеші:
Енді,Күз ханшайымның тапсырмасын орындайық.
«Мақал-мәтелді жалғастыр»
1.Еңбек түбі--------------------
2.Еңбек етсең ерінбей--------------------
3.Адам жерге нәр береді,
Жер адамға----------------
Ән «Кап кап»
Тәрбиеші: «Солнышко» тобының білдіршүндердің орындауында Саңырауқұлақтар биін тамашалаңыздар!
Күз Ханшайымы:
Берекелі бақ дәулет
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айланып.
(Күз ханшайымы қоштасып кетеді)
Қош бол,Күз ханшайымы.
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Міне, балалар осымен «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.
«Жарқын Ай» балабақшасының меңгерушісіне сөз беру.