2020 ж. 25 қарашада Целиноград ауданының білім бөлімі жанындағы Софиевка ауылының «Жарқын Ай» МКҚК балабақшасында онлайн форматта ZOOM арқылы «Мектепке дейінгі ұйымдарда апатты жағдайлар қаупін төмендету» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Л.Н. Касымова қатысты, сондай-ақ Целиноград ауданының меңгерушілері, тәрбиешілері, педагогтары қатысып, өзара тәжірбие алмасты. Бұл семинардың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйретуді ұйымдастыру мәселелерін шешу жолдарын бейнелеу. Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғи апаттар туралы қарапайым білімді қалыптастыруға және өмір мен денсаулық қауіпсіздігі үшін қажетті дағдыларды дамыту. Бұл бағдарлама мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметкерлеріне ұсынылды. Семинарда алғы сөзді балабақша меңгерушісі Г.Б.Кульпейсова сөйледі. Тәрбиеші А.К.Альмаганбетова мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне арналған «Қауіпсіздік сабақтары» курсының бағдарламасы және табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез- құлық негіздеріне оқыту бойынша педагогтарға арналған әдістемелік ұсыныстар, сондай-ақ үйдегі қауіпсіздік академиясы, «Қорғаубек сабақтары» дәптері туралы толық айтып таныстырып өтті. Келесі сөз ересек «Радуга» тобының тәрбиешісі В.Г.Абрамушина «Стихийные бедствия» тақырыбында сөз сөйледі. Әрі қарай ересек «Дана» тобының тәрбиешісі А.Р.Балмагамбетова «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сөз сөйледі. Тәрбиеші балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі, өрттен, оттан, сақтану жолдарын, қауіпсіздік ережелерін айтып үйретті.
Музыка жетекшісі А.Ж.Илюбаева мен би жетекшісінің қатысуымен дайындалған «Стихийные бедствия» кіріктірілген оқу қызметі бойынша Козина Т.А сөз сөйледі. ҰОҚ мақсаты: апатты жағдайлар кезінде балалар өздерін қалай ұстау керек, қайда хабарласу керектігі туралы айтылды. «Су қауіпі, су тасқыны» тақырыбында ортаңғы тобының тәрбиешісі Д.А.Ибраева сөз сөйледі. Тәрбиеші су тасқыны кезінде балалар өздерімен не алу керек, қайда тығылу керек және үстілеріне кандай киім кию керек сол туралы айтып шықты.
Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Л.Н.Касымова сөз сөйледі. Сөз барысында семинар жақсы өткендігі және тақырып толығымен ашылғандығын айтып өтті. Әрі қарай басқа балабақша меңгерушілері өз пікірлерін білдірді. Түйіндеп айтқанда, бұл семинардан қатысушылар көп тәжірибе жақсы әсер алды.