«Дана» ересек тобында 1 желтоқсан Президент күніне арнап, «Елбасы- Көсбасшы» атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбиеленушілер тәрбие сағатымызда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы туралы көптеген мәліметтер ала білді. Бұл күн біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі екенін білді. Тәрбие сағатында балалар әнұранмен бастап, рәміздеріміз туралы тақпақтар айтты. Желтоқсан айында 14 күні «Тәуелсіздіктің 29 жылдығына» орай, «Дана» ересек тобында «Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыпта да тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатта балалар тақпақтар айтып, ән айтып, би биледі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі маңызды іс-шараларымен танысып, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсете алды. Мерекеміз жақсы деңгейде өткізілді.