«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Софиевка ауылының «Жарқын Ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
ГККП «Детский сад «Жарқын Ай» села Софиевка» при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру - балабақшадан басталады

04.03.2019

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Кульпейсова Гульмира Балгабайқызы

Целиноград ауданының білім бөлімі жанындағы Софиевка ауылының «Жарқын Ай» балабақшасы МКҚК меңгерушісі

    «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген халқымыздың ежелден келе жатқан нақылы бүгінгі күні де өз маңыздылығын жоғалтпай келеді. XXI ғасырға аяқ басып, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы әлемдік аренада желбіреп, мемлекетіміз бен ұлтымызды дүниежүзі тануда. Күн санап өзгерген заман талабыжаңа тарихи кезеңге қадам басқан жаһандану ғасырында ұлттық санамыз бен діңгегімізді сақтап қалу барша қазақ халқының алдында тұрған үлкен мүдде. Мәңгілік ел орнатып, дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп, өркениеттің ұлы көшіне өз халқымыздың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін ұмыттырмай, келер ұрпаққа жеткізу керек.

  Елбасы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты Қазақстан халқына жолдаған саралы мақаласында:

- Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек, -  деген тың көзқарасын білдірді.

  Осы орайда, зиялы қауым, білім, ғылым, ағартышулық саласындағы кәсіби қауымдастықтың өкілі ретінде рухани жаңғыру - бала бақшадағы сәбилерімізге тәлім-тірбие беруден басталады деген ұстанымдамын. Рухты жаңғырту үшін – сананы жаңғырту керек. Ата-баба тарихын толық зерттеп, бала санасына сіңіріп, тәрбиелеуіміз керек. Балабақша қабырғасынан «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын» сияқты батырларымызбен «Ер Төстік», «Толағайдай» ертегілерді дәріптеп, солар туралы кітап, мультфильмдер көрсетіп, бала қиялын дамытуымыз керек. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» дегендей, әр балаға өз ата-бабасын білуді, солармен мақтануды үйрету – басты әрі маңызды міндет. Балабақша балалары өз отбасын, ауылын, өзі туылған елді-мекендер тарихын біліп, сонымен мақтанып,  өсетін болады. Тарихи құндылықтарды біз үнемі бала санасына жеткізіп отыруымыз керек және зерттеп, зерделеп, бүгінгі заманның көқарасына ұштастырып, бала санасына ерік бергеніміз жөн. Бұл ұзақтау процесс болғанымен бір жүйеге нақты қойылса, бас-аяғы 4-5 жылда жаңа буын мүлде басқа формацияда елге, жерге деген сүйіспеншілікпен қарай бастайды. Сонда ғана елін, жерін мақтан етіп, рухы мықты, ата-баба салт-дәстүрін білетін «Мәңгілік елдің»негізін қалаушы жас қырандар биікке көтерілері нақ.

  Маған бағынышты мектепке дейінгі мекеме Ақмола облысы, Целиноград ауданына тиесілі  Софиевка елді-мекенінде орналасқан «Жарқын Ай» мемлекеттік  балабақшасы. Мекеме 2016 жылдың басында жергілікті әкімдіктің қолдауымен «Балапан» бағдарламасы аясында өз есігін ашты. Қазіргі таңда балабақшада орыс және қазақ тобында барлығы 78 бүлдіршін тәлім алуда.  Ең алдымен балабақша жетекшісі ретінде, мектептегі ұстаздық білімім мен тәжірибемді кеңінен қолданып, адами капиталды басқарудағы замануи менеджмент құралдарын жан-жақты  пайдалануға тырысамын. Көптеген әріптестерімнің пікірінше, рухани жаңғырудың педагогтар үшін маңызы зор.  Жаңғыру – мемлекет пен қоғамның өзегін жаңарту, ұлттың санасын өзгерту арқылы елге жаңа сапа берудің әлемде баламасы жоқ, ерекше бағдарлама. Олай болса, ұрпақ тәрбиелеу, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті азамат өсіру, білім беру жұмысымен қатар жүреді. Сол себепті, рухани жаңғырудың басты тірегі – ұстаздар қауымы деген, кәсіби қауымдастықтың көзқарасына толығымен қосыламын.

  Осы орайда балабақша жетекшісі ретінде  заман талабына сай көштен қалмай, соңғы жаңалықтарға көз жүгіртіп, назардан тыс қалдырмауға тырысамын.Әрдайым жұмыс процесстеріне жаңашылдық енгізіп, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлемін. Жетекшілік лауазымына келгенде, ең алдымен әлемдік мектепке дейінгі мекемелердің озық тәжірибесін кеңінен зерттедім. Әрине, әлем елдерінде өзіндік ұлттық сана, менталитет, болмыс өзгеше. Білім беру саласында да ерекше айырмашылықтар бар, алайда бірегей әдістердің оңтайлы тұстарын өзім басқарып отырған мекемеге де енгізгім келді. Ең бастысы балабақшаның қызметіне жіті сараптама жасап, SWOT -талдау жүргіздім. Бұл талдау әдісі дүниежүзілік басқару менеджментінде кеңінен қолданылатын, әрі  жұмыс барысын нақты бақылап, дұрыс баға беретін әдіс. Сонымен қатар жұмысты стратегиялық жоспарлаудағы мекеме қызметінің ішкі және сыртқы ортасын төрт категорияға бөлу арқылы: Strengths (күшті жақтары), Weaknesses (әлсізжақтары), Opportunities(мүмкіндіктері), Threats (қауіпті жақтары)толық талдама жасау.

SWOT - талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

    Балабақшаның жеке  ғимараты,инфрақұрылымы бар;

   Жаңа технология құралдары жеткіліксіз;

   Мемлекет бюджеті есебінен толық қолдауға ие;

   Балаларға арналған сауықтыру кешенінің (бассейн)жетіспеуі;

   Аудандық білім басқармасының қолдауына ие;

   Жоғары білімді кәсіби мамандардың жетіспеуі;

   Ұжымның ауызбіршілігі;

 

Мүмкіндіктері

  Республика, облыс және аудан деңгейінде үздік нәтиже көрсетіп, мақтау грамоталарын иемденген.

    Білім беру процесстеріне жаңа креативті әдістерді енгізу;

Қауіпті жақтары

 

 

 

 

   Тәжірибе алмасу мақсатында басқа да балабақшалармен стратегиялық серіктестік орнату;

ü    Демографиялық жағдайдың өсуіне байланысты балабақшағаорын тапшылығы, кезектің ұзақтығы;

    Мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында тренингтер мен семинарлар жүргізу;

ü    Елді-мекен тұрғындарының цифрлік технологияларды толық қолдана алмауы;

 

    Жұмыс барысын үдерту мақсатында  KPI (Key Performance Indicators) жүйесіненгізу.

 

Осы талдамадан кейін жүйелі мәселелер анықталып, жұмыс барысын оңтайландыру әдістеріне жүгінуді жөн көрдім. Көптеген мемлекеттердің озық тәжірибелеріне көз жүгіртіп, көршілес Ресей Федерациясының мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі оңтайлы әдістерді кеңінен зерттедім. Осыған орай келесі ұсыныстар туындады.

  • Басты назар – балабақшадағы орын тапшылығы, кезектің ұзақтығы, ата-аналармен тиімді кері байланыс орнату, мамандардың бәсекелестік қабілетін арттыру сынды жүйелі сұрақтарға тоқталды. Әрине соңғы онжылдықта демографиялық ахуалды күшейту саясаты, бала санының артуына әкелді. Алайда өсіммен қоса, қосалқы орын тапшылығы туындауда. Мұндай жағдай аудан-аймақтардың барлығында дерлік ауқымды мәселеге айналуда. Сондықтан кей балабақшаларда қосымша топтар алынып, бала саны артуда.
  • Өз зерттеуім бойынша, бұл мәселенің тиімді шешімі – мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы шағын балабақшалар ашу, ескі ғимараттарды жаңғыртып, арнайы база ретінде қолдану, бала санының өсіміне алдын ала болжам жасап, жиі санақ жүргізу, шағын және орта бизнес өкілдерін балабақша жұмысын жүргізуге баулып, сапалы ұрпақ тәрбиелеуді жан-жақты насихаттау. Осындай іс-әрекеттер жергілікті әкімдік тарапынан қолдау тапса, жүйелі мәселелерге пайдалы шешім табылары сөзсіз. Сондай-ақ, ауыл аймақтар мен елді-мекендердің жергілікті тұрғындарына да жұмыспен қамтасыз ету мәселесі шешілер еді;
  • Сонымен қатар менің пайымдауымша, мектепке дейінгі білім жүйесіне жаппай модернизация жасалуы қажет. Бұл қадам мемлекеттік жоба ретінде толық үш жасқа дейінгі бүлдіршіндерді қамтитын еді;
  • Осы орайда, мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру жүйесі өзгертіліп, бірегей мемлекеттік стандарттар енгізілер еді. Бұл бірқатар сұрақтардың шешімін тауып, мекеме қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіруге мүмкіндік туғызады;
  • Мектепке дейінгі білім беру орта білім берудің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылып, жаңа әрі сапалы деңгейге шығуы тиіс;
  • Енгізілген бағдарлама жүйелі түрде балабақшаларды материалды-техникалық жабдықтармен қамсыздандырып, жаңа ақпараттық технологиялар, спорттық жабдықтар, заманауи балалар алаңы, оқу-лабороториялық сыныптар мен транспорттық құралдарды кешенді түрде бір жүйеге келтірер еді;
  • Балабақшалардың жеке сайттары мен әлеуметтік парақшаларын жүргізіп, ата-аналар және қоғаммен тиімді кері байланыс орнату, ашық және транспарентті түрде екі жақты диалогқа қол жеткізу;
  • Мектепке дейінгі білім саласындағы педагогтардың жалпы біліктілігін арттыру, оларды мотивациялау барысында жалақыны өсіру жүйесін тиімді қолдану;
  • Аймақтарда жастайынан дарынды балаларды табу мен қолдауға бағытталған  ресурсты орталықтар ашу;
  • Педагогтарды жан-жақты замауи трендтерге ие бағдарламалар мен әдіс-тәсілдерге үнемі үйрету, адами капиталды дамытуға мән беру;
  • Дарынды педагогтардың табыс кілтін жас мамандарға жеткізу.

 

Бір сөзбен айтқанда балабақшадағы рухани жаңғыру – бұл барлық мекемелердің бірегей жүйесі, жеке және бірлесе  іске асырылатын, жаңа қоғамның кірпішін қалайтын   заңнамалар мен бұйрықтардың жиынтығы деп есептеймін. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.

  Өзім басқарып отырған «Жарқын-Ай» мемлекеттік балабақшасында жоғарыда аталған ұтымды әдістерді әрдайым енгізуге тырысамын, рухани жаңашылдыққа ұмтылудың өзі – табыс деп есептеймін. Балалардың адамгершілік құндылықтарын, отанға деген саналы құрмет пен махаббат сезімін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында үнемі түрлі: «Сәлем,Наурыз!», «Қысқы ертегі», «Біз бейбітшілік үшін», «Менің көгілдір ғаламшарым» атты республикалық қашықтан интернет -байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болдық.

  Байқауға қатысқан балабақша бүлдіршіндері Бас жүлде, I,II,III дәрежелі дипломдармен марапатталды, сонымен қатар жеңімпаздарды дайындаған жетекшілерге алғыс хаттар берілді.

Үстіміздегі жылы«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер –алтын бесігім» атты Ақмола облыстық Білім басқармасының  байқауына қатысып, 3-орынға ие болдық.

Сонымен қатар, аудан бойынша Гран-при иегері атандық. Бұл жетістік – бүкіл ұжымымыздың еңбегінің жемісі деп білемін. Табысқа қол жеткізудің бірден-бір маңызды бөлігі – топтық жұмыс, бірегей рух пен ауызбіршілік.

  Әрине, жас жетекші ретінде айтарым, мұндай ауқымды мекемені басқару мен үшін бастапқы кезеңде күрделі болды. Алайда, табанды еңбек арқасында алдыма үлкен мақсаттар қойып, бірқатар жеке марапаттарға ие болдым: «Көшбасшы -2017» бойынша Баку қаласында өткен салтанатты мараптқа шақырылдым, Целиноград ауданынның 90-жылдығына  елеулі үлес қосқан үшін Құрмет грамотасына ие болдым, қашықтан интернет-байқауларына белсенді атсалысқан үшін және көптеген қоғамдық жұмыстарға үнемі қатысқан үшін алғыс хаттармен марапатталдым. 

  Сөз соңында айтарым, «Жерде жатқан жұмыртқа – аспанға ұшар қыран болар» дегендей , бүгінгі балабақшадан дұрыс тәлім-тәрбие алған ұрпақтың рухы жаңғырары сөзсіз.


 

 

Просмотров: 499


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст